
Алматы облысының халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет (бұдан әрі - АӘҚ) көрсететін 447 маман жұмыс істейді.
Олардың ішінде медицина қызметкерлері, арнайы педагогтар және әлеуметтік қызметкерлер бар. Облыс бойынша әлеуметтік қызметкерлер саны 418 адамды құрайды, оның 29-ы үкіметтік емес секторда жұмыс істейді.
Алматы облысында 19 мемлекеттік мекеме АӘҚ көрсетеді.
Олардың ішінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары, күндізгі болу орталықтары, оңалту орталықтары және үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері бар.
Сондай-ақ, еліміз бойынша 12 ҮЕҰ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.