Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалардың республикалық конкурсы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалардың республикалық конкурсы

Конкурсты Ұйымдастырушылар:

Алматы облысының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті және «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» ЖҚБ

 

Конкурстың Міндеті:

- Парасаттылық идеологиясын және сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік төзімділікті» ілгерілету;

- Азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тарту;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы перспективалы жобаларды іздеу;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы азаматтық бастамаларды қолдау.

 

Конкурстың Бағыттары:

  1. Қоғамдық бақылау
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және зерттеу
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою
  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа құралдар

 

Жұмыста келесі ақпарат болуы керек:

- SMART-мақсат;

- тапсырмалар;

- іске асыру мерзімдері;

- жұмыс көлемі;

- мүдделі тараптар;

- ықтимал шығындар, ресурстар және тәуекелдер.

 

Конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлері:

- белгіленген бағыттарға сәйкестігі;

- өзектілігі және теориялық негізділігі;

- деректерді зерттеу мен талдаудың толықтығы;

- жұмыстың практикалық қолданылуы мен құндылығы.

 

Конкурстың басталуы және жобаларды (жұмыстарды) қабылдау 23.09.2024 ж. бастап жүзеге асырылады.

Жұмыс Word мәтіндік құжаты және PowerPoint презентациясы түрінде жасалады (көлемі 15 слайдқа дейін) және e-mail-де электронды түрде ұсынылуы керек kongressmen550@gmail.com (8 7057274000)

 

Байқау екі кезеңнен тұрады:

- Іріктеу кезеңі (қашықтықтан өткізіледі) қатысушылар конкурстық жұмыстармен өтінімді электрондық пошта арқылы береді. Іріктеу кезеңінің нәтижелері және соңғы кезеңге өткендердің тізімі 25.11.2024 ж. жарияланады.

- Соңғы кезең. Қатысушылар өз жобаларын 2024 жылғы 29 қараша күні Қонаев қаласында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған салтанатты іс-шарада таныстырады. Регламент-сөйлеуге 15 минут, Конкурстық комиссия мүшелерінің сұрақтары 5 минут.

 

Байқаудың жүлде қоры 2.000.000 (екі миллион) теңгені құрайды.

Қосымша ақпарат алу үшін (8 705 727 40 00 Дәулетбаев Ержан Жанатұлы) нөмірі бойынша хабарласуға болады