Жұмыс берушілердің назарына!

Жұмыс берушілердің назарына!

Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығымен бекітілген "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы №559 бұйрығына өзгерістер енгізіліп, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 138 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 сәуірде № 20429 болып тіркелді.

1."Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту" мемлекеттік қызметін алу үшін жұмыс беруші немесе оның уәкілетті өкілі www.egov.kz, www.elіcense "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру жері бойынша жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтінішті ұсынады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.