Алматы облысында "ерекше" балаларға арналған спорттық лагерьдің жазғы маусымы аяқталды.

Алматы облысында "ерекше" балаларға арналған  спорттық лагерьдің жазғы маусымы аяқталды.

Қонаев қаласында "All Ability Camp" әлеуметтік жобасы аясында ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың ата-аналарына арналған тегін спорт лагерінің 4-ші кезеңі аяқталды.
Жобаны іске асыру, Алматы облысының әкімдігі және жобаның бас серіктесі "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен мүмкін болды. 4 кезеңде 200 ата-ананың сүйемелдеуімен 200 ерекше бала қамтылды. Жобаға 200-ден астам еріктілер тартылды.
Лагерь ерекше қажеттіліктері бар балаларға әлеуметтік дағдыларын, қарым-қатынас дағдыларын кеңейтуге, өз әлеуетін толық жүзеге асыруға тамаша мүмкіндік ұсынды.