"Кедергісіз келешек" атты тақырыпта дөңгелек үстел

"Кедергісіз келешек" атты тақырыпта дөңгелек үстел

Бүгін Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында азаматтық белсенділердің, ҮЕҰ және мүгедектігі бар тұлғалардың арасындағы пікір көшбасшыларының қатысуымен "Кедергісіз келешек" атты дөңгелек үстел  өткізілді.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселелері қозғалды, олардың өтініштері тыңдалды, мүгедектерге арналған инфрақұрылымды бейімдеу шаралары талқыланды. Сондай-ақ, біз үшін бірыңғай қоғам ретінде ерекше адамдарға жан-жақты көмек көрсету, сондай-ақ қала мен ауданның қоғамдық өміріне мүмкіндігі шектеулі адамдарды тарту және қатысу үдерісі маңызды болып табылатыны атап өтілді.

Сондай — ақ, Әлеуметтік қызметтер көрсету порталы (бұдан әрі-портал) бойынша мәселелер қозғалды.

 Порталды енгізу ұсынылатын  оңалтудың техникалық құралдарының (бұдан әрі-ОТҚ) мен қызметтердің сапасын жақсартуға, оларды алудың мерзімдері мен атаулылығын қысқартуға, ОТҚ мен қызметтерге нақты қажеттілікті анықтауға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік қызметтер порталы Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды іске асыру шеңберінде әзірленді. Бүгінгі күні мүгедектігі бар адамдар Портал арқылы 55 техникалық оңалту құралдарының (бұдан әрі - ОТҚ) 24 түрін және мемлекеттік мекемелердің арнаулы әлеуметтік қызметтеріне тапсырыс бере алады.

Қызмет алушылар порталды өз бетінше немесе Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен бөлімдері қызметкерлерінің көмегімен пайдалана алады.