Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5- тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы мен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Алматы облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметінде келесі бағыттар бойынша 2024 жылғы 5 ақпаны мен 19 ақпаны аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі:

1) Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар болған жағдайда, Сіз мына телефон арқылы хабарласа аласыз: +7 708 696 63 39, Баимбетова Маржан, Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, қаржыландыру және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы.