
2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Алматы облысы аумағында 465 шетел азаматы еңбек етеді.
Шетел жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 13 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 90 рұқсат (екінші санат). 67 ШЖК үшінші (мамандар) және 10 ШЖК төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 19 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 266 адам тартылды.
Қазіргі уақытта Алматы облысында ШЖК пайдаланатын 51 жұмыс беруші бар. Оларда 10136 Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 95,6%-ы.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 259 адам (55,6%), өңдеу өнеркәсібі – 62 адам (13,3%), көтерме және бөлшек сауда (автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу) - 32 адам (6,8%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 31 адам (6,6%), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 30 адам (6,4%), тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 22 адам (4,7%).