
2023 жылдың 13 желтоқсанында Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мемлекеттік мекемесінің «Аманат» Есік арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» комуналдық мемлекеттік мекемесінде "Еңбек терапиясы - денсаулық ментальдығы бар қызмет алушыларды оңалтудың маңызды құрамдасы" тақырыбында семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: Қызмет алушыларды әлеуметтік ортаға бейімдеу, қоғаммен қарым- қатынас жасауға баулу. Еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыру, қызмет алушылардың өздерінің сүйікті істерімен айналысуға мүмкіндік беру.
Семинарды Алматы облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ахметова Айгүл Матанқызы ашты.
«Аманат» Есік арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде атқарылған жұмыстар туралы баяндаманы орталық директоры Косаева Лайла Абзаматқызы оқыды, баяндама барысында статистикалық санақ бойынша мәлімет берді.
Сонымен қатар мекеменің психиатр дәрігері Тленова Райгуль Сапарханқызы «Трудотерапия важный компонент в реабилитации получателей услуг с ментальностью здоровья» атты, мекеме психологы Жумабаева Роза Турсынханқызы «Трудотерапия - основная форма реабилитации», еңбек нұсқаушысы Абильдаева Назгуль Әлімқызы «Еңбек терапиясының қызмет алушыларға тигізетін пайдасы», дене шынықтыру мұғалімі Мамесеит Бигул Әбілқанқызы «Еңбек терапиясы мен дене шынықтырудың қызмет алушылардың оңалуына тигізетін әсері» атты баяндамаларын оқыды. Орталығымыздың музыка жетекшісі Кумаргалиев Берік Тасмуханбетұлы мен қызмет алушы Ауганова Жумагүл Әділжанқызының орындауында «Туған жер» әнін айтты және қызмет алушы Алдажарова Құралай Төлеуханқызы өзінің жазған «Аманатқа арнау» өлеңін оқыды. Сонымен қатар келген қонақтармен сұрақ-жауап ретінде сергіту ойыны ойнатылды.
Семинарға Жетісу телеарнасының және Еңбекшіқазақ аудандық баспасөз тілшілеріде қатысты.
Семинарды директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Нұржан Нұрбайұлы айтылған мәселелерді талқылай отырып қорытындылады.