Қандастарды қабылдау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Қандастарды қабылдау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында қандастарды қабылдау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. 

Отырыста, Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Е.Байқоныс төрағалық етті. Қандас мәртебесін беру немесе беруден бас тарту не ұзарту бойынша 158 этникалық қазақтардың өтініштері қаралды.

         "Қандас мәртебесін беру және ұзарту" бойынша өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижесін беру "Құтты мекен" мобильдік қосымшасы арқылы немесе  Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесі арқылы жүзеге асырылады.