
2023 жылы 14 қарашада Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Ақ ниет» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Мүгедектігі бар және мүмкіндігі шектеулі адамдардың тұлға аралық қатынастарының ерекшеліктері» атты облыстық семинар өткізілді.
Семинарға Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысы Ахметова А.М., арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының директорлары, орынбасарлары және мамандары, Талғар ауданының орталық ауыруханасының өкілдері,Талғар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері, Жетісу телеарнасы, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, облыстық газет және аудандық тілшілері қатысты.
Бұл семинар мүгедектігі бар және мүмкіндігі шектеулі адамдардың тұлға аралық қатынастарының ерекшеліктерін ескере отырып, сақталып қалған ақыл-есі мен дағдыларын мүмкіндігінше сақтап қалу, дамыту және әлеуметтік ортаға бейімдеу, әлеуметтендіру жұмыстарын жетілдіру, оңалту іс-шараларын талқылау нәтижесінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қызмет көрсету сапасын жетілдіру және де әлеуметтік қызмет көрсететін мамандарының тәжірибесімен алмасу мақсатында ұйымдастырылды.
Семинар барысында тыңдаушылар «Ынтымағымыз бірлікте», «Өнерлі өрге жүзер» бейне роликтерді тамашалап, дәрігер-психиатр Д.Султанбаев «Орталықта тұратын қызмет алушылардың диагноздарының ерекшіліктері» тақырыбындағы баяндамасымен, дене шынықтыру мүғалімі В.Павловтың «Әр түрлі диагноздары бар қызмет алушыларға қоладанылатын әдістемелік тәсілі» тақырыбындағы баяндамасымен, психолог С.Ибраймованың «Мүгедектігі бар және мүмкіндігі шектеулі адамдардың тұлғааралық қатынастарының ерекшеліктері» баяндасымен және де видеоролигімен танысты.
Семинар қатысушылары орталықтың еңбек терапиясы жөніндегі инструкторы М.Альджанованың ұйымдастыруымен дайындалған «Өз қолымыздан жасалған сұлулық» көрмесін тамашалады. Семинар соңында қызмет алушылар семинар қатысушылардың көңілдерін көтерді.