Астана қаласында өткен бір апталық семинар мәресіне жетті.

Астана қаласында өткен бір апталық семинар мәресіне жетті.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар кешені және өмірлік қиын жағдайға тап болған балалары бар отбасыларды қолдау арқылы жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту» жобасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 30 қазанынан 02 қарашасы аралығында Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы» КММ базасында Алматы облысы бойынша: балалар құқықтары жөніндегі аймақтық уәкілі; кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшылары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының өкілдері,  5 ауданның Талғар, Қаскелең, Іле, Еңбекшіқазақ, Қонаев қаласының «Жанұя » отбасын қолдау орталығының КММ басшылары, Қонаев қаласындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету орталығының басшысы қатысты. Жобаның міндеті отбасын қолдау орталықтарының қызметін трансформациялау және стандарттау, оқыту, қолайсыз әлеуметтік ортаны қолдау және одан шығару, кешенді сүйемелдеуде отбасыларға көмек көрсету мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды құру болып табылады.