
31-ші қазан сағат 16-00 Қонаев қаласы, Мәдениет үйінде Алматы облысы әкімінің ұйымдастыруымен мерекелік шара өткізілді. Шара шеңберінде Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы А. Ахметова облыстың әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға үлес қосқан үздік мамандарды марапаттады.
Сонымен қатар мереке қарсаңында талантты және жоғары кәсіби қызметкерлерді анықтау мен ұйымдағы әлеуметтік қызмет көрсету қызметкерлерінің кәсіби өсуін ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған «Үздік әлеуметтік қызметкер» байқауының жеңімпаздарына жүлделі сыйақылар табысталды.
*Гран-при: 500 мың теңге.
Жакупова Айгерим Оразбековна
Кеген ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімінің әлеуметтк қызметкері.
*1 орын: 300 мың теңге.
Калиева Акжамал Аскеровна
Жамбыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімінің әлеуметтк қызметкері.
*2 орын: 200 мың теңге.
Утегенова Камшат Сакенқызы
Іле аудандық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүмкіндігі шектеулі балаларға, үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» әлеуметтік қызметкері.
*3 орын: 100 мың теңге.
Бейспаев Бекболат Орузбаевич
Райымбек ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік қызметкері.
Əлеуметтік сала – еліміздегі ең өзекті бағыттардың бірі. Бүгінде қоғамымызда қордаланған мәселелердің оң шешім табуына орасан үлес қосып жатқандар да осы – әлеуметтік сала қызметкерлері. Жабырқағандарға жан жылуын, көмек күткендерге қол ұшын бергендер қашан да құрметке лайық.