
2023 жылғы 17 қазанда Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қарасай ауданында мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін үкіметтік емес ұйымдарды аралап шықты.
Басқарма басшысы А. Ахметова «Сәуле Сапар» мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау қоғамдық бірлестігіне, «Rakhym» жеке қайырымдылық қорына, «Ақниет-А» қоғамдық бірлестігіне барды.
Аралау барысында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жағдайларына мониторинг жүргізілді, қызметкерлермен шаралардың іске асырылуы және даму перспективалары туралы әңгіме жүргізілді. «Сәуле Сапар» қоғамдық бірлестігі орталықты кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде, онда бүгінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, қызмет алушылардың ата-аналарымен балалардың денсаулық жағдайының тиімділігі мен динамикасы туралы әңгімелер өткізілді. Ата-аналар жұртшылығы тарапынан ұсыныстар келіп түсті, оның маңызды шаралары басқарманың жоспарына енгізілді.