Алматы облысында Еңбек күні мерекесі өтті

Алматы облысында Еңбек күні мерекесі өтті

Бүгін Қонаев қаласында Еңбек күні мерекелік іс шарасы аясында Алматы облысының «Еңбек жолы» өңірлік конкурсының жеңімпаздары мен еңбек үздіктері марапатталды.

Байқау қорытындысы бойынша  «Үздік еңбек әулеті»  номинациясы бойынша ұзақ еңбек өтілі бар ұстаздар әулеті – Мықтыбаевтар әулеті,  «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясында өндірістің ең белсенді және еңбекқор қызметкері  Жүнісова Айжан,  «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша көптеген шәкірт тәрбиелеген тәлімгер Салимахунов Думан Сағатбекұлыжеңімпаздар атанып, облыс әкімінің сертификат, диплом, сыйлықтарымен марапатталды.

Сонымен қатар, «Еңбек жолы» конкурсының қатысушыларына де алғыс хат пен  сыйлықтар табысталды.Еңбек күні мерекесіне орай, «Еңбек адамы» бейнесін насихаттау, танымал ету  мақсатында облыс көлеміндегі өндіріс үздіктеріне үздіктеріне де  сый-сияпат көрсетілді. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.