
2024 жылға арналған шетелдік жұмыс күшін тартуға квота қалыптастыру үшін өтінімдер қабылданады!
Алматы облысының жұмыспен қатуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 274 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларының» 6 тармағына сәйкес, 2024 жылға арналған квотаны қалыптастыру мақсатында шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігі туралы жұмыс берушілерден өтініштерді қабылдауды бастайды.
Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 1 қазанына дейін жүргізіледі.
Өтінім үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлесту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының атына орындаушының байланыс деректері, ұялы телефон номірі, электрондық пошта мекен-жайымен көрсете отырып жазылған ілеспе хат;
2) Қағиданың №1 қосымшасына сәйкес мемлекеттік және орыс тілінде толтырылған кесте.
Кесте толтырған кезде тартылатын шетелдік жұмыс күші бойынша толық негіздеме ұсыну қажет, сондай-ақ 2024 жылы жоспарланған жобалар, көрсетілетін қызметтер бойынша келісім-шарт, келісімдерді көрсету қажет.
Өтініш берудің соңғы мерзімі: 2023 жылғы 30 қыркүйек, сағат 17:00-ге дейін.
Тіркеуге арналған өтінімдер Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының кеңсесіне қағаз немесе электрондық нұсқада (word) жіберілуі қажет.
Байланыс телефоны: 8 (72772) 2-39-59.