Қонаев қаласында ағымдағы жылдың 5 шілде күні Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік тапсырыс негізінде мүгедектігі бар азаматтарға арналған «Тең қоғам» қолдау орталығының ашылуы салтанатын түрде өтті.
Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсетiп, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту, жаңа заман талабына тез бейімделіп кетуге жағдай жасау, мүгедектігі бар азаматтарды ақпараттандыру,олардың өмiрге деген құштарлығын, қызығушылығын арттыру мақсатында ашылды.
«Тең қоғам» қолдау орталығының бағыттары:
- kz порталы арқылы қызметтер беру,
- egov.kz порталы арқылы мемлекет тарапынан берілетін қажетті құрал-жабдықтарға, санаторий-курорттық емдеу орталықтарына, орнын толтырушы құралдар және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарына, протездік-ортопедиялық көмек және сурдо – тифлотехникалық заттарға өтініш жіберу.
- kz және business.enbek.kz порталдары арқылы мүгедектігі баразаматтарды жастар практикасы, қоғамдық жұмыстарға уақытша немесе толық күндік жұмысқа орналасытыру.
- enbek.kz порталы арқылы өз ісін бастағысы келіп жүрген азаматтармен азаматшаларға мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз гранттарға қатысу бойынша жол көрсетіп, грант ұтқанға дейін көмек көрсету.
- Заңгерлік қызмет көрсету.
- Мүгедектігі бар адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне заң, психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, білім алу және басқа сұрақтары бойынша ақпарат-кеңестік және ресурстық қолдаулар беру;
- Мүгедектігі бар адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне әлеуметтік және еңбек құқықтары саласында әлеуметтік, құқықтық сұрақтары бойынша оқыту және кеңестер беру;
- Тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларға, сонымен қатар замануи адамның дағдыларына да үйрету (оқыту);
- Мүгедектігі бар адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне
- қажетті психологиялық көмек көрсету;
- Мүгедектігі бар адамдарға жұмысқа орналасу және олармен еңбек үрдістерін жүзеге асыруларындағы қорқыныштары мен кедергілерді жоюларына ықпал ету;
- Мүгедектігі бар адамдардың олардың жеке қабілеттері, дағдылары ескеріліп, жұмыс іздеулері мен жұмысқа орналасуларына ықпал ету;
- Мүгедектігі бар адамдарды жұмыс іздеу және жұмысқа орналасуларында ақпараттық сүйемелдеу;
- Еңбек жағдайларын зерттеу мақсаттарында кәсіпорындар мен компанияларға шолу жасау, бару;
- Кәсіпорындарда қысқа мерзімді тәжірибелерден өтуді ұйымдастыру;
- Мүгедектігі бар адамдарды кәсіпкерлікке тарту;
- Әлеуметтік-мәдени объектілері мен түрлі шараларға бару арқылы шаралар ұйымдастыру және өткізу;
- Әлеуметтік көмек және қолдау алуларына ықпал ету;
- Мүгедектігі бар адамдарға отбасы амандығы мәселелері бойынша кеңестер беру;
- Мемлекеттік қызметтер және басқа қызметтер түрлерін алу үшін құжаттарын рәсімдеу бойынша көмек беру;
- Заңмен көзделген жеңілдіктер мен артықшылықтар, әлеуметтік төлемдерді алуларына заңдық көмек беру және ықпал ету;
- Әлеуметтік қызметтер порталымен жұмыс бойынша көмек көрсету.