
"Шарапат" арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ- де Елорданың 25 жылдығына орай "Еңселі Елорда, асқақтаған Астана! атты мерекелік іс- шара өткізілді.
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды.Орталық директоры қызметкерлер мен қызмет алушыларды мерекемен құттықтай отыра жылы лебізін білдіріп, сыйлықтар табыстады.Шараға Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілі қатысты.
Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Дуйсебаев Бейсен ата ақ батасын беріп, ризашылығын білдірді.Қызмет алушы Жарылгапов Елдос "Мен сені сүйем өмір" атты әнін орындады.Шара соңында орталығымызда мерекеге орай ашылып отырған "Достық көрмесінің" ашылу салтанатын қызмет алушыларымыз лентасые қиып, көрме ұйымдастырды.