
Балқаш ауданының Бақанас ауылынының тұрғындарына Әлеуметтік кодекс бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Оразбаева Л.С., Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысы А.Ж.Нарматов, Алматы облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының бас маманы Қ.Маратұлы құрамындағы мобилді топпен түсіндірме жұмыстары барысында тұрғындармен кездесіп, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енетін Әлеуметтік кодекс туралы түсіндірме-ақпараттық Әлеуметтік кодексте көрсетілген Отбасының цифрлық картасы туралы да толық айтылып өтті.
Кездесу соңында ауыл тұрғындарының сұрақтарына жан-жақты, толыққанды жауаптар берілді.