
Зуайда Абылай Жұмабекұлы, 2013 жылы Алматы қаласы Тұрар Рысқұлов атындағы Нархоз Университетіне экономика және басқару мамандығына оқуға түсіп, 2017 жылы оқуды аяқтаған. Білімі жоғары. Еңбек жолын 2016 жылы Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасы Медициналық орталығының «Алматы шипажайы» акционерлік қоғамының, орналастыру бөлімінің іс-жүргізушісі болып бастады, 2017 жылы Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің тұрғын үй комиссия хатшысының көмекшісі, 2017 жылдың тамыз айынан бастап Қарасай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы, 2018 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Алматы қаласының «Шанырақ» шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп интернат-колледжі республикалық мемлекеттік мекемесінің кадр бөлімінің инспекторы, 2019 – 2022 жылдар аралығында Қарасай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы, бөлім басшысы; 2022 жылдың 19 желтоқсанынан бастап, Қарасай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры лауазымын атқарды. #7 сайлау округі бойынша
Қарасай аудандық мәслихат депутаты.