
ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 1 шілдеден бастап облыста «Алматы облысының еңбек мобильділігі орталығы» КММ қалалар мен аудандардағы филиалдары – Мансап филиалдары құрылады, ал халықты жұмыспен қамту орталықтары таратылады.
Еңбек мобильділігі орталықтарының негізгі жаңа функциялары:
- жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау негізінде өңірдің еңбек ресурстарының теңгерімін қамтамасыз ету;
- өңірлік жұмыспен қамту карталарын әзірлеу және оларды жергілікті жерлерде іске асыруды үйлестіру;
- жұмыспен қамтудың белсенді шараларын іске асыру және өңірде іске асырылатын барлық мемлекеттік бағдарламалар мен жеке бастамалар шеңберінде ашылатын жұмыс орындарының құрылуына мониторинг;
- жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың ерікті көші-қонына жәрдемдесу және азаматтарды көшіру бағдарламаларын өңірлік деңгейде үйлестіру;
- жұмыс іздеуші ретінде жүгінген және жұмыссыз адамдарды тіркеу;
- халықты, жергілікті атқарушы органдарды және уәкілетті мемлекеттік органды өңірлік еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар ету.
Мансап орталықтары қалалар мен аудандардағы еңбек мобильділігі орталықтарының филиалдары болады. Жаңа орталықтардың негізгі міндеті ұлттық еңбек нарығының көрсеткіштерімен ұштастыра отырып, жергілікті ерекшеліктерді ескеріп, өңірлік жұмыспен қамту саясатын іске асыру болады.
Бұл трансформация жұмыспен қамту қызметін жүйелі түрде қайта құруға, жұмысты жақсартуға және мемлекет көрсететін еңбек делдалдығы бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.
Бұл ретте қазіргі уақытта жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, ерікті түрде қоныс аудару, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша іс макеттерін қалыптастыру бойынша көрсетілетін қызметтердің барлық спектрі сақталады және оларды көрсету, сол мекенжайлар бойынша орналасатын мансап орталықтарда жалғаса береді.