
Алматы облысының әкімдігі «Халық» қайырымдылық қоры» Жеке қоры Алматы облысы филиалы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумына қол қойылды.
Қордың бағдарламалары мен жобаларын іске асыру шеңберінде жан-жақты қолдау көрсету үшін қормен өзара іс-қимыл жасалынады, қайырымдылық көмек көрсету және қордың қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізеледі, әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде қайырымдылықты дамытуға жәрдемдеседі, оның ішінде қайырымдылық саласында үйлестіру және өзге де қолдау көрсетеді, қорға қайырымдылық саласында ұсыныстар енгізу мақсатында қорлармен, кәсіпорындармен, ұйымдармен және кәсіпкерлермен, сондай-ақ олардың бірлестіктерімен және одақтарымен әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде өзара іс-қимыл жасалынады.
«Халық» қайырымдылық қоры 2016 жылы еліміздің аса маңызды - әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және білім салаларында ауқымды қайырымдылық жобаларды іске асыру мақсатында құрылып, нәтижелі жұмыс атқарып келеді.
Маусым айында қордың қолдауымен балалар мен жасөспірімдер арасында барлық стильдегі каратэден халықаралық және облыстық деңгейде ауыл балалары арасында шағын футболдан турнир өткізілді. Негізгі мақсат - ауыл балаларының спорттық жарыстарға қолжетімділігін қамтамасыз ету. "Халық" Қоры ауыл спортын қолдайды.