
Мемлекет басшысының (Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы) жастарды қаржыландырудың жаңа құралын ұсыну жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылдан жастарды шағын несиелендіру жөніндегі жобаны іске қосты, жоба жергілікті атқарушы органдар арқылы іске асырылуда.
Облыс бойынша 2023 жылға жастар үшін 375 микрокредит беру жоспарланған (бюджет – 1 875 млн. теңге), онда микрокредиттің ең жоғары сомасы – 5 миллион теңгеге дейін, микрокредит мерзімі –
5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін, номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайыздан аспайды, шағын несие бойынша жеңілдікті кезең негізгі борыш пен сыйақыны өтеу – микрокредиттеу мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды.
Микрокредиттер 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға өз ісін ашу немесе кеңейту үшін, 5 жылдан аспайтын мерзіммен жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда беріледі. Бұл ретте қатысушылардың жасы «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-ға өтініммен жүгінген кезде ескеріледі.
Кепілмен қамтамасыз етудің болуы міндетті шарт болып табылады. Ол ретінде жылжымалы (мамандандырылған техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепілмен қамтамасыз ету болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын және т.б.) тартуға болады.
Өтінім беру үшін құжаттар пакетін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалына тапсыру қажет. Облыстық филиал Алматы қаласында орналасқан: Сәтбаев көшесі, 5, тел. 8 701 006 16 45. Туындаған мәселелік сұрақтар бойынша жастар 5353 колл-орталығына жүгіне алады.
Қажетті құжаттар тізімі:
Микрокредиттер төменде көрсетілген тізімдегілерді қоспағанда кез келген мақсатқа беріледі:
- кредиторлық берешекті өтеу;
- ойын бизнесін ұйымдастыру және (немесе) дамыту;
- тұрғын жылжымайтын мүлікті (оның ішінде малшылар үшін уақытша/тұрақты тұрғын үйлерді) сатып алу, салу немесе жөндеу, жер учаскелерін сатып алу (кез келген нысаналы мақсатпен);
- бағалы қағаздарды сатып алу (портфельдік инвестициялар);
- қаруды (оның ішінде қару өндіруге арналған құрамдас бөліктерді), құрамында есірткі бар заттарды немесе азаматтық айналымнан алынған басқа да мүлікті өндіру немесе сатып алу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған террористік және кез келген өзге де қызметке байланысты қызмет;
- моторлы көлік құралдарын шығаруды және өз өндірісіндегі жүзімнен шарап өндіруді, сондай-ақ темекі және\немесе алкоголь өнімдерін сатып алуды көздейтін жобалар, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығару;
- бизнесті жүргізуге байланысты емес жеке тұтынушылық мақсаттардан басқа кез келген мақсатқа беріледі.
Микрокредиттер арнайы комиссияның шешімі негізінде беріледі, оның отырыстарында үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын таныстырады.
Осылайша, микрокредит беру туралы шешім комиссиялық және нақты іс-қимыл жоспарымен өзекті, дәлелді, экономикалық негізделген, қоғамдық маңызы бар, өміршең болуы тиіс жобаның пысықталуын бағалаудың нақты критерийлері негізінде қабылданады.
Комиссия кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен, мәслихат депутаттарынан, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан, бизнес өкілдерінен, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарынан және т.б. тұрады.
Бүгінгі таңда Агрокредиттік корпорация 219 өтініш қабылдады, бизнес-жобаларды қарау жөніндегі комиссия отырыстарында 104 жоба мақұлданды. Қалған жобалар Агрокредиттік корпорацияда қарау және бағалау сатысында, сондай-ақ конкурстық комиссияны күтуде.
Анықтама: қабылданды – 219 бірлік, пысықтауда – 1 бірлік, қарауда – 73 бірлік, комиссияда – 41 бірлік, мақұлданды – 104 бірлік, берілді – 22 бірлік.
ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 1 шілдеден бастап облыста «Алматы облысының еңбек мобильділігі орталығы» КММ қалалар мен аудандардағы филиалдары – Мансап филиалдары құрылады, ал халықты жұмыспен қамту орталықтары таратылады.
Еңбек мобильділігі орталықтарының негізгі жаңа функциялары:
- жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау негізінде өңірдің еңбек ресурстарының теңгерімін қамтамасыз ету;
- өңірлік жұмыспен қамту карталарын әзірлеу және оларды жергілікті жерлерде іске асыруды үйлестіру;
- жұмыспен қамтудың белсенді шараларын іске асыру және өңірде іске асырылатын барлық мемлекеттік бағдарламалар мен жеке бастамалар шеңберінде ашылатын жұмыс орындарының құрылуына мониторинг;
- жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың ерікті көші-қонына жәрдемдесу және азаматтарды көшіру бағдарламаларын өңірлік деңгейде үйлестіру;
- жұмыс іздеуші ретінде жүгінген және жұмыссыз адамдарды тіркеу;
- халықты, жергілікті атқарушы органдарды және уәкілетті мемлекеттік органды өңірлік еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар ету.
Мансап орталықтары қалалар мен аудандардағы еңбек мобильділігі орталықтарының филиалдары болады. Жаңа орталықтардың негізгі міндеті ұлттық еңбек нарығының көрсеткіштерімен ұштастыра отырып, жергілікті ерекшеліктерді ескеріп, өңірлік жұмыспен қамту саясатын іске асыру болады.
Бұл трансформация жұмыспен қамту қызметін жүйелі түрде қайта құруға, жұмысты жақсартуға және мемлекет көрсететін еңбек делдалдығы бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.
Бұл ретте қазіргі уақытта жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, ерікті түрде қоныс аудару, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша іс макеттерін қалыптастыру бойынша көрсетілетін қызметтердің барлық спектрі сақталады және оларды көрсету, сол мекенжайлар бойынша орналасатын мансап орталықтарда жалғаса береді.