
2020 жылдың 28 қаңтары облыс әкімдігінде Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі Алматы облысы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті.
Отырысқа ККО мүшелері, ҮЕҰ және БАҚ, «Атамекен» кәсіпкерлер Палатасының, Алматы облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері, облыстық прокуратураның, мемлекеттік емес ұйымдардың, облыстық бақармалардың басшылары және де аудандық, қалалық әкімдердің орынбасарлары-ККО төрағалары видеоселектор байланыс арқылы қатысты.
Күн тәртібіне келесі мәселелер шығарылды: Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған арнайы контингент арасында наркомания, алкоголизм және АҚТҚ/ЖҚТБ-ның (ВИЧ/СПИД) ауруына шалдыққан азаматтарға көрсетілетін ақысыз медициналық көмек және оларды диспансерлік тіркеуге алу туралы; 2019 жылы «Жастар жылы» аясында, Алматы облысының пробация қызметінің есебінде тұрған жастарға, моральдық-психологиялық климатты сақтау үшін және спортпен шұғылдану бойынша жүргізілген мәдени-бұқаралық іс-шаралар туралы; Түзеу мекемелерінде әлеуметтік мемлекеттік қызметті құру перспективасы туралы.