
АӘК тағайындауға өтініш берген отбасының жалпы кірісін есептеу кезінде тұрғын үй сертификаттарының сомасы ескерілмейді. Мұндай өзгерістер Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі «АӘК-ге жүгінген адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу ережесін бекіту туралы» бұйрығына енгізілді.
Өзгерістер а.ж. наурыз айының басында алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Тұрғын үй сертификаты тұрғын үй сатып алу кезінде 1 млн теңге мөлшерінде бастапқы жарнаны қамтамасыз ету үшін беріледі. Бұл Қазақстан азаматтарының алуға мүмкіндігі бар жергілікті атқарушы органдардың көмегі.