Әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау туралы

Әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау туралы

Әлеуметтік жұмыс - бұл психология, әлеуметтану, педагогика, медицина және т. б. салалардағы берік білімді талап ететін күрделі процесс болғандықтан, әлеуметтік қызметкерге қойылатын талап та жоғары.
Осыған байланысты, арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметкерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау жүргізіледі.
2019 жылы Алматы облысының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы 480-нен астам әлеуметтік қызметкер Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 237-ө бұйрығымен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасына сәйкес аттестаттаудан өтті.