
2019 жылдың 30 желтоқсанында әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Отырысты облыс әкімінің орынбасары, әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның төрағасы Б.Қ.Байжұманов жүргізді.
Күн тәртібіне қаралған мәселелер,ол облыстағы еңбек қатынастарының жай-күйі туралы, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау және еңбек жанжалдарына ықпал ететін факторлардың алдын алу бойынша кәсіподақ бірлестіктерінің жүргізген жұмысы туралы және әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық (қалалық) үш жақты комиссиялардың атқарған жұмыстары туралы.
Отырыста "Рязанов атындағы № 25 көпір құрылысы жасағы" ЖШС, "Еңбек Жауғашты" РМК, және "Шаньдун провинциясының Луцяо корпорациясы" ЖШС Қазақстандық филиалынан жұмыс берушілерді тыңдады.
Жыл басынан бері аудандық және қалалық үшжақты комиссиялардың 73 отырыстары өткізілді.
Аудан және қала әкімдіктері кәсіподақтармен бірлесе отырып, кәсіпорындармен өндірістік процестерді тұрақтандыру және жұмыс орындарын сақтау бойынша, оның ішінде шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындармен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Отырыс соңында үшжақты комиссияның төрағасы Б. Қ. Байжұманов әлеуметтік әріптестік тараптарына еңбек заңнамасы нормаларының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету, еңбек жанжалдарының алдын алу және түсіндіру жұмыстарын бірлесіп жүргізу бойынша шаралар қабылдау туралы нақты тапсырмалар берді.