
2020 жылдың 24 ақпанында облыс әкімдігінің кіші залында облыс әкімінің орынбасары Б.Байжұмановтың төрағалығымен Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға "Еңбек" бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиясының отырысы өткізілді.
Отырысқа өңірлік комиссия мүшелері, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары және Ақсу, Алакөл, Сарқан аудандары мен Текелі қаласы әкімінің орынбасары видеобайланыс режимінде қатысты.
Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Алматы облыстық филиалының, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның, кәсіпкерлер Палатасының директорлары және БАҚ өкілдері қатысты.
Отырыс барысында Бағдарламасының» төрт бағытының іске асырылуы туралы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің баяндамалары тыңдалды. Бағдарламаға қатысушыларды оқыту құнын анықтау мәселелері талқыланды, қысқа мерзімді оқытуды ұйымдастырылату жоспарланып отырған оқу орындарының, мамандықтардың тізімі қарастырылды. Сондай-ақ, республикалық маңызы бар автожолдарды салуға тартылған компаниялардың мердігерлері мен қосалқы мердігерлеріне кадрлар даярлау мәселелері көтерілді.
Отырыс соңында облыс әкімінің орынбасары Б.Байжұманов кадрларды қысқа мерзімде оқытуды ұйымдастыру және жалпы Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
