
Төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Алматы облысының атаулы әлеуметтік көмек алушыларға мемлекет тарапынан қосымша көмек көрсетілуде.
ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға қосымша материалдық көмек көрсетілді.
Алматы облысы бойынша алты жастан он сегіз жасқа дейінгі 22 521 балаға 2 АЕК көлемінде қосымша материалдық көмек төленді.
Қарасай ауданының тұрғыны Лахаева Әйгүл мемлекет тарапынан көрсетілген көмекке өте риза. Ай сайын 84 мың теңгеден астам алатын әлеуметтік көмектен бөлек, төтенше жағдай орнауына байланысты, азық-түлік және тұрмыстық заттар үшін үш баласына 15 мың теңгеден астам әлеуметтік көмек көрсетілді.