Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан Есік қаласында "ЖАНҰЯ" отбасын қолдау орталығының ашылуы.

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан Есік қаласында "ЖАНҰЯ" отбасын қолдау орталығының ашылуы.

2023 жылғы 16 маусымда Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан Есік қаласында "ЖАНҰЯ" отбасын қолдау орталығы ашылды. Жобаның мақсаты: әлеуметтік, құқықтық, психологиялық көмекке мұқтаж отбасыларды қолдау. "ЖАНҰЯ" орталығының мамандары аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік бағдарламалар туралы хабардар етеді, сондай-ақ құқықтық және психологиялық қолдау, оңалту көмегі және басқа да қызмет түрлерін көрсетеді. Көп балалы отбасыларға, аз қамтылған отбасыларға, мүгедек балаларға кешенді консультациялық қызметтер көрсетіледі. Бүгінгі таңда 150-ден астам адам Орталықтың түрлі қызмет түрлерін алды.