Төтенше жағдай кезеңінде міндетті сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша жүргізілген жұмыс туралы ақпарат

Төтенше жағдай кезеңінде міндетті сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша жүргізілген жұмыс туралы ақпарат

Жұмыс берушілердің әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы өтініштерін жедел қарау үшін облыстың 20 ауданы мен қалаларында штабтар жұмыс істейді. Штаб құрамына кәсіподақтың, кәсіпкерлер палатасының, басқа мүдделі органдардың өкілдері кіреді. Ағымдағы жылдың 22 сәуіріне штабтың 336 отырысы өткізілді.

Облыс бойынша әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтінішпен барлығы 1 044 801 адам жүгінді, оның ішінде автоматты түрде тексеру нәтижесінде 427 724 өтініш қабылданбады. "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ филиалы 616 386 істің электронды макетін жасады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры филиалының қарауында 70205 өтініш бар, "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ мемлекеттік корпорациясында - 1069, штабтарда - 327, барлығы – 71601 өтініш.

Әлеуметтік төлем 534 107 азаматқа тағайындалды, оның ішінде өтініштер бойынша – 507860, проактивті – 26247 адам. 1707 адамның өтініші қабылданбады.

Кірісін жоғалтуына байланысты әлеуметтік көмек облыстың 473 884 тұрғынына төленді.

Төтенше жағдай режимі кезеңінде кірісін жоғалтуына байланысты әлеуметтік төлемдер туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары облыста кеңінен жүргізіледі (ақпарат әкімдіктердің, әлеуметтік қорғау басқармаларының сайттарында, әлеуметтік желілерде, жергілікті баспасөзде орналастырылды, 13651 үндеу парақтары және 15815 брошюра таратылды, 6 брифинга, 20 сұхбат, 3 - тікелей эфир өткізілді, жергілікті телеарнада роликтер көрсетіледі).