
2023 жылдың 31 мамырында Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген Батыр ауылында, Алматы облыстық жұмыспен қамтудыүйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты "Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы" ашылды. Бұл бейімдеу орталығы 18 жасқа толған өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға арналған мекеме. Бұл мекемеде 7 бағыт бойынша қызмет көрсетіледі:
1.Әлеуметтік-медициналық
2. Әлеуметтік-тұрмыстық
3. Әлеуметтік-психологиялық
4. Әлеуметтік-экономикалық
5. Әлеуметтік-мәдени
6. Әлеуметтік- құқықтық
7. Әлеуметтік-еңбек
Міне, осы қызметтердің барлығын орталықтағы арнайы мамандар көрсетеді. Мұнда әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер, психологтар, заңгерлер қызмет істейді.
Орталық оқшаулау, дәрігерлерлік, психолог бөлмелерімен,спорттық алаң және қызмет алушылардың жатын бөлмелері дәретхана, жуыну кабиналарымен жабдықталған. Сонымен қатар еңбекке баулу үшін арнайы столярлық және тігін шеберханасы, асхана және демалу бөлмелері бар. Орталықта қызмет алушылар тегін көлік тасымалымен және 4 мезгіл тамақпен қамтамасыз етіледі.