
01.06.2023 жылы "Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Қонаев қаласының күндізгі болу орталығы" КММ ресми ашылуы өтті, іс-шара Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұштастырылды.
Іс - шараға ресми органдардың өкілдері, басқа медициналық - әлеуметтік мекемелердің басшылары мен өкілдері, ата-аналар бірге-біздің қызмет алушыларымыз шақырылды. Іс - шараны "Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы А. М. Ахметова ашты.
Облыс әкімінің мүгедектер жөніндегі кеңесшісі, "Қамқор жүрек" мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ләззат Иманғалиқызы Салықова құттықтау сөз сөйлеп, "Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" басшысына алғысын білдірді, өйткені мұндай типтегі мекемелер балаларға өте қажет. Бұл ата-аналар үшін де үлкен қолдау.
Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы Пірімқұлов құттықтау сөздерінен кейін орталыққа мешіттердегі адамдардың қайырымдылықтары есебінен шығарылатын қазақстандық ВИЗИБОРД ойыншықтарын сыйға тартты. Бұл ойыншықтар балаларда ойлау мен ұсақ моториканы дамытуға арналған нұсқаулық болып табылады. Екі жиынтық сыйға тартылып, сонымен қатар орталық директоры Р.Т. Көлбаева имамның орталыққа -20 дана кілем және 100 шаршы метр кілемшелер сыйға тартқанын атап өтті.
"MEDICARE INTERNATIONAL" протездік-ортопедиялық орталығының негізін қалаушы Кая Фатих Мехмет, балаларды арбамен ғимараттың жоғарғы қабаттарына көтеру үшін шынжыр табанды көтергіш аппараттарының екі түрін сыйға тартып, одан әрі екі ынтымақтастықты ұсынды.
Сондай –ақ, ата-аналар алғыс сөз сөйлеп, осы орталықтың уақтылығы мен қажеттілігін атап өтті. Ашылу "Әжелер" қалалық фольклорлық ансамблінің қатысуымен "шашу" халықтық дәстүрлі стилінде өтті. Ашылғаннан кейін орталыққа экскурсия жүргізіліп, онда педагогтар мен мамандар балалармен сабақ өткізді.
Осыдан кейін концерт басталды, онда өзінің шоу - бағдарламасымен 32365 ә/б (БШБ) музыканттары, "Әжелер" және "Сударушки"фольклорлық ансамблі өнер көрсетті. Мерекелік түскі ас болып, онда іс-шараның барлық қатысушылары мен қонақтары іс-шараның демеушісі болған "ИП Искаковы" жеке кәсіпкерлер "ИП Қадырбеков Д.С." ұйымдастырған дәмді палаудан дәм татты. Барлық балаларға "Маревен"компаниясы ұсынған сыйлықтар табыс етіліп , соңында барлық қонақтар Қонаев қаласына жайлы автобустармен қауіпсіз жеткізілді.