Жастарға микрокредит беру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы

Жастарға микрокредит беру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы

Осы жылдың басынан бастап мемлекет Алматы облысының жастарына 1,9 млр. теңге сомасына 375 адамды қамти отырып, жеңілдетілген микрокредит беру бағдарламасын іске қосты.

30 мамырда облыстық әкімдік ғимаратында жастарға микрокредит беру жөніндегі конкурстық комиссияның бірінші отырысы өтті. Конкурстық комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, ұлттық кәсіпкерлік палатасының өкілдері, депутаттар кірді. Комиссия төрағасы болып Нұрлан Ерғалиұлы Әбдірахым сайланды. Комиссия отырысында жас кәсіпкерлерден түрлі бизнес-идеялардың (қызмет көрсету саласы, көлік қызметтері, азық-түлік және бөлшек сауда, мал шаруашылығы және т.б.) 59 өтінімі қаралды, оның 58 мақұлданды.