
Бүгін облыстық әкімшілік ғимаратында, Алматы облысы бойынша, мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру Кеңесі өтті. Кеңес төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Р. Исатаев, төраға орынбасары облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік басқарма басшысы А. Ахметова, кеңес мүшелері еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы Н. Нарматов, облыстық басқарма басшыларының орынбасарлары мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өзекті мәселелерін қарастырды. Кеңеске қатысқан облыс әкімінің, мүгедектігі бар адамдардың мәселелері бойынша кеңесшісі Л. Салыкова, ғимараттардың халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қолжетімді болуы мәселесін көтерді. Кеңеске қатысқан Үкіметтік емес ұйымдарда әлеуметтік салада, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сапалы қызмет алуын маңызды мәселе екенін атап өтті.