2023 жылдың басынан бастап 6 000-нан астам этникалық қазақтар қандас мәртебесін алды

2023 жылдың басынан бастап 6 000-нан астам этникалық қазақтар қандас мәртебесін алды

           2023 жылғы 1 мамыры жағдай бойынша тарихи Отанына Қазақстан Республикасына оралып, 6 144 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды.

           Келген этникалық қазақтардың негізгі бөлігі 27,2% Алматы облысына қоныстанды.

           Ағымдағы жылдың басынан бастап 1 669 қандас мәртебесін алып, 343 этникалық қазақтың қандас мәртебесі ұзартылды.

           Облысқа келген қандастардың құрамында Өзбекстаннан -1054 (63,1%), ҚХР-нан -503 (30,1%), Моңғолиядан -42(2,5%), Ресейден -28 (1,6%), Түркіменстаннан -33(1,9%)  Қырғызстаннан 8 адам (0,4%) және Тәжікстан 1 адам (0,4%)

          Еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны – 66,67%, еңбекке қабілетті жастан кіші – 25,77% және зейнеткерлер – 7,57% құрайды.

          Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде білім деңгейі бойынша 5,41% - жоғары білімі, 43,06% -арнайы орта білімі, 34,05% - жалпы орта білімі және 17,48% - білімі жоқ.