ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау туралы

ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау туралы

 2023 жылдың 20 сәуірінде облыстық басқарманың мемлекеттік қызметшілері арасында дөңгелек үстел өткізіліп, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормалары түсіндірілді.

 Мемлекеттік қызметтің әдептілік қағидаттары туралы айтылды, олар: адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарлану. Сондай-ақ, аппарат бірінші кезекте клиентке бағдарланған болуы және мемлекеттік қызмет көрсетуде ашықтық қағидаттарын сақтауы тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер қоғам алдында ең алдымен мемлекеттің бет-бейнесі болғандықтан, мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекеттері, қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға бағытталуы тиіс.