"Еңбекжолы" республикалық конкурсы 2023

"Еңбекжолы" республикалық конкурсы 2023

"Еңбекжолы" конкурсы туралы

 

«Еңбек Жолы» конкурсы жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау, көбейту мақсатында және үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындауға мүмкіндік береді.

Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді«Еңбек жолы» конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізудің мақсаты:

1) Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламалық мақаласының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету, ұрпақтар сабақтастығын сақтау;

2) еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пiкiр қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау;

3)қазақстандықтарда Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Конкурсқа кәсіпорындардың барлық қызметкерлері (саласына қарамастан) қатысаалады.

 

Конкурс 3 номинациядан тұрады:

Үздік еңбек әулеті

Өндірістің үздік жас маманы

Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері

Байқауға қатысу үшін өтінімдер 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін Қонаев қаласы, 1 ықшам ауданы №41үй мекенжайы бойынша қабылданады.
Анықтама телефоны: 8(72772)2-39-59