
Қызмет көрсету мерзімі - 4 жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны:
Қағаз түрінде/ «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілген.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
қандас мәртебесін беру кезінде - қандас куәлігін беру
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде - www.enbek.gov.kz интернет - ресурсында, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорацияда - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша, жеделдетіп қызмет көрсетусіз электрондық кезек тәртібінде көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Мемлекеттік корпорацияның www. gov4c. kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) өмірбаян (еркін нысанда);
2) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен (туу туралы куәлік, шетелдік паспорт, азаматтығы жоқ адамның куәлігі немесе этникалық қазақтардың шыққан елдерінің арнайы органдарының басқа да ресми құжаттары және үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттар);
3) осы қағиданың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген шарттарға сәйкестігін белгілейтін құжаттардың көшірмелері.
Өтініш берушілер қандас мәртебесін ұзартқан кезде Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен алу мақсатында өтінішті және бұрын берілген қандас мәртебесінің көшірмесін береді.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
Қандас мәртебесін беру не одан бас тарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган қабылдайды және өтінішті жергілікті атқарушы орган тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес ресімделеді.
Жергілікті атқарушы орган:
1) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелері (бар болса) осы Қағидалардың 2-тармағы
2) тармақшасына сәйкес келмеген;
2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелері (бар болса) осы Қағидалардың 2-тармағы
3) тармақшасына сәйкес келмеген;
3) ұсынылған құжаттардың дәйексіздігі фактісі анықталған кезде қандас мәртебесін беруден бас тартады.
Сонымен қатар, «Қандас» ААЖ арқылы өтініш берушінің Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанын растау, Қағидалардың 24-тармағында көзделген өтініш беру мерзімінің өтуі қандас мәртебесін ұзартудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар:
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері "1414", 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымның тіркелген күні оны қараудың мерзіміне кірмейді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің қызметті көрсету кезіндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым оның басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.