Ағымдағы жылдың 29 наурызында сағат 16.30 - да Алматы облысы әкімдігінде, облыс әкімінің орынбасары Арыслан Момышұлы Дәндібаевтың төрағалығымен, Алматы облысы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтті.
Консультативтік-кеңесші органның отырысы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды әлеуметтендіру, оның ішінде әлеуметтік-мәдени және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге арналды.
Отырысқа консультативтік-кеңесші органның мүшелері, оның ішінде облыстық прокуратураның, Алматы және облыстың қылмыстық - атқару жүйесі департаментінің, "Атамекен" ӨКП өкілдері, облыстық дін істері, мәдениет, мұрағаттар мен құжаттама, дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары және басқа да шақырылған адамдар қатысты.
Отырыс барысында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды әлеуметтендіру бөлігінде ұсыныстар мен іс-қимыл жоспары бірлесіп әзірленді. Сындарлы диалог қалыптастырылды.