
Ағымдағы жылдың 16 наурызында Алматы облысы әкімінің орынбасары А.Дәндібаевтың төрағалығымен Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі Алматы облысы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесші органныңотырысы өтті. Отырыс барысында үш мәселе талқыланды:
1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде және оларды диспансерлік тіркеуде тұрған арнайы контингент арасында нашақорлықпен, маскүнемдікпен және АИТВ/ЖИТС-пен (АИТВ/ЖИТС) ауыратын азаматтарға көрсетілетін тегін медициналық көмек туралы;
2. Түзеу мекемелеріндегі сотталған адамдарды бас бостандығынан айыру орындарында ашылатын бизнес субъектілеріне, атап айтқанда"Еңбек Жауғашты" РМК-ға жұмысқа орналастыруға тарту және оларды тапсырыстармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс туралы;
3. 2022 жылы консультативтік - кеңесші органдардың атқарған жұмысы және ағымдағы жылға қойылған міндеттер туралы.
Комиссияның барлық мүшелері, оның ішінде облыстық прокуратура, Алматы және Жетісу облыстарының қылмыстық атқару жүйесі департаментінің, "Атамекен" ӨКП өкілдері, аудандар мен Қонаев қаласының әкімдерінің орынбасарлары және басқа да шақырылғандар қатысты.
Күн тәртібі бойынша денсаулық сақтау басқармасының алғашқы медициналық-санитарлық көмек бөлімінің басшысы (А.Мұхатаева), облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары (А. Бакиров), облыстың Кәсіпкерлер палатасының салалық даму сарапшысы (Е. Константинова) сөз сөйледі. Балқаш ауданы (А.Құтпанбетов), Кеген ауданы (Қ. Қабылбеков) және Қонаев қаласы (М. Жолдахмет) әкімінің орынбасарлары тыңдалды.
Бұл ретте КӘЖ отырысы тұрақты негізде өткізілетіні атап өтілді. Өткен жылы КӘЖ-нің 4 облыстық және 40 аудандық, қалалық отырыстары өткізілді.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдар жылдан бастап комиссияның үйлесімді жұмысының арқасында жұмыспен қамтуға, жұмысқа орналасуға және әлеуметтік көмекке жәрдемдесу шараларымен қамтамасыз етіледі.
Өткен жылы бұрынғы сотталғандардың ішінен 172 адам 8,2 млн. теңгеге 15 АЕК мөлшерінде біржолғы көмек алды және 7 отбасына 3,0 млн.теңгеге атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегі төленді.
2022 жылы квота бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 58 адам және пробация қызметінің есебінде тұрған 105 адам еңбек етілді.
2022 жылғы 1 наурызға жұмыспен қамту органдарына 52 адам жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жүгінді, оның ішінде:бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 10 адам және пробация қызметінде есепте тұрған 42 адам. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 43 адам қамтылды, оның ішінде: 28 - тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 12 - қоғамдық жұмыстарға және 3 - әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша аудандар мен қала әкімдеріне бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсету туралы нақты тапсырмалар берілді.
Сындарлы диалог өтті.