
2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша тарихи Отанына Қазақстан Республикасына оралып, 3 134 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды.
Келген этникалық қазақтардың негізгі бөлігі 27% Алматы облысына қоныстанды.
Ағымдағы жылдың басынан бастап 846 қандас мәртебесін алып, 188 этникалық қазақтың қандас мәртебесі ұзартылды.
Облысқа келген қандастардың құрамында Өзбекстаннан -524 (62,5%), ҚХР-нан -256 (30,2%), Моңғолиядан -24(3,0%), Ресейден -17 (2,2%), Түркіменстаннан -21(2,5%) және Қырғызстаннан 4 адам (0,5%).
Еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны – 67,43%, еңбекке қабілетті жастан кіші – 25,34% және зейнеткерлер – 7,22% құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде білім деңгейі бойынша 6,30% - жоғары білімі, 46,76% -арнайы орта білімі, 33,63% - жалпы орта білімі және 13,31% - білімі жоқ.