02.03.2023ж. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия

02.03.2023ж. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия

Ағымдағы жылдың 2 наурызында Алматы облысы әкімінің орынбасары А.Дәндібаевтың төрағалығымен халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларын іске асыру жөніндегі 2023 жылға арналған міндеттер, оның ішінде қысқа мерзімді оқытуды ұйымдастыру үшін оқу орындарының тізбесі мен құнын айқындау және басқа да мәселелер талқыланды.

Комиссияның барлық мүшелері, соның ішінде Қазақстан Республикасы Жұмыс берушілердің (Кәсіпкерлердің) Ұлттық Конфедерациясы Paryz ЗТБ, "Алматы облысының Кәсіподақ орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің, "Атамекен" ӨКП, қоғамдық ұйымдар және т. б. өкілдері қатысты.

Күн тәртібі бойынша облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы (А.Ахметова), облыстың білім басқармасы басшысының орынбасары (Г.Исагулова), облыстың Кәсіпкерлер палатасының салалық даму сарапшысы (Е.Константинова) сөз сөйледі. Қарасай ауданы әкімінің орынбасары (Р.Атчабаров), Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары (Қ.Ақшабаев) және Райымбек ауданы әкімінің орынбасары (Н.Сағатбекұлы) әкімінің орынбасарлары тыңдалды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша оқу ұйымдарының тізбесі және оқу құны бекітілді.

Сондай-ақ, аудандар мен Қонаев қаласының әкімдеріне жұмыспен қамтудың белсенді шараларын сапалы іске асыру, бюджет қаражатын тиімді атқару және осы бағыттағы бақылауды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.