2022 жылы«Күмісжас» жобасыбойынша 300-ден астамадамжұмысқаорналастырылды

2022 жылы«Күмісжас» жобасыбойынша 300-ден астамадамжұмысқаорналастырылды

2022 жылы облыс бойынша «Күміс жас» зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде 342 адам жұмысқа орналастырылды.

Зейнеткерлікке шыққанға дейін зейнеткерлікке дейінгі жастағы адамдарды тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға мүмкіндік беретін бұл жоба 2022 жылы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске қосылды.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жобаны іске асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді. Енді оған 50 жасқа толған адамдар қатыса алады. Бұл ретте мемлекеттен жұмыс берушіге жұмысқа орналастырылған жобаға қатысушылардың жалақысының белгіленген мөлшерінің 60-тан 70% - на дейін, бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде субсидиялар төленетін болады.

«Күміс жас» жобасына қатысу ұзақтығы 36 айға дейін. Осыдан кейін жұмыс беруші «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңда белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған адамды тұрақты жұмыс орнына орналастырады.