
Бүгінгі күнде өңірде, Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай аудандарында, «ЖАНҰЯ» отбасын қолдау орталықтары өз жұмысын бастап кетті. Бұл орталықтардың басты бағыты, өмірлік қиын жағдайда қалған, көпбалалы, жалғыз басты, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған және қоғамның әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына жәрдемдесу болып табылады.