
Райымбек ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» және «Райымбек ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің ұйымдастыруымен жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың желтоқсан айының 14-і күні бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді.
Бұл іс-шараның мақсаты: ауданымыздағы жұмыс іздеп жүрген азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне ауданымыздың мекемелері және әр округтің шаруа қожалықтары қатысты.
Жұмыс берушілердің саны-12 .
Ауданымыздан жәрмеңкеге қатысқан тұрғындар арасында жұмыс іздеушілер саны -21 азамат .
Өткізілген жәрмеңке нәтижесі бойынша 12 азамат тұрақты жұмысқа орынына орналасты.