
«Алматы облысы Қонаев қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында Қонаев қаласы 1 шағынаудан 41 ғимаратта әлеуметтік жағынан осал топтағы және жұмыссыз азаматтарға қолдау көрсету мақсатында, жұмыссыз азаматтарға (29 жасқа дейінгі жастар,мүмкіндігі шектеулі азаматтар, бос бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар, алимент берешегі бойынша қарызы бар азаматтар) арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 15 тен астам әр саладан жұмыс берушілер : Алматы облыстық әкімшілігі, Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті, Алматы облысының мемлекеттік қызмет істері агенттігі, «GreenLand Alatau» «Наурыз-Агро», «Fish Prodex» ЖШС-ы, «Tornado»,«Makao» казинолары , халық және отбасы банкілерінің филиалдары , «Гүлдер» балабақшасы және т.б. қатысты. Олар 60тан бос жұмыс орындарын жәрмеңкеге ұсынды.
Жәрмеңкеге жұмыссыз азаматтар қатарынан 20 дан астам адам, сонымен, еңбекке жарамды мүгедектер қатарынан- 2, 29 жасқа дейінгі жастар қатарынан -7 адам қатысып, 14 адамға бос жұмыс орындары ұсынылып, 4 адамға жолдама берілді.