
Астанада «Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздары мен еңбек ардагерлерін марапаттау рәсімі өтті. Аталмыш конкурс жыл сайын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылып, еңбек адамдарының жұмысын насихаттау мақсатында «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» және «Өндірістің үздік жас маманы» атты номинациялары бойынша марапатталды. Жыл сайын өткізілетін Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек жолы конкурсы бүгін өз мәресіне жетті. Ең алдымен аталған конкурстың Алматы облысы өткізіп "Өндірістегі үздік жас маман номинациясы" бойынша Кеген ауданының У. Қантаев атындағы Мойнақ су электр станциясының Режимдік инженері Әукен Сұлтан Біләлұлы бірінші орынды иеленіп, облыс әкімі М. Сұлтанғазиевтың қолынан 100 мың теңге сертификатын алса, бүгінгі күні Астана қаласында өткізіліп жатқан конкурсқа 180 үміткер жас мамандардың ішінен екінші орынды иеленіп отыр. Сұлтанның жұмысына табыс, әрқашан биіктерден көріне беруіне тілектеспіз