
Қарасай ауданы Елтай ауылдық округі Береке ауылы мәдениет үйінде ағымдағы жылдың 23 қараша күні, сағат 11:00-де «Қарасай ауданы әкімдігініңхалықты жұмыспен қамту орталығы» Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі,«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өткізілді. Ауданымыздың 12 ірі кәсіпорындары мен Жеке шаруашылық серіктестіктері қатысып, 100-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынды. Аталған шарағабарлығы 150-ге жуық жұмыссыз азамат қатысты. Оның ішінде,50 жұмыссыз азамат, 20 борышкер азаматтар, 10 мүгедектігі бар азаматтар, 50 жас азаматтар, 20 пробация есебінде тұрған азамат. Алматы облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы, Қарасай ауданы пробация қызметіжәне Қарасай аудандық Жастар ресурстық орталығымен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өтуіне атсалысты. Жұмыс беруші мекемелердің өкілдерімен еркін түрде сұхбат жүргізді. 150 жұмыссыз азамат тұрақты жұмыс орындарына орналасуға ниетті екендігін айтып, 50 жолдама алды. Оның 10 азаматы жас мамандар. Ай сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі жәрмеңкеге жастарымыз бүгінде қай сала мамандарына сұраныс көп немесе тапшы екендігін және еңбек өтілінсіз жұмысқа орналасуға болатындығын анықтауға септесті. Жұмыс беруші компанияның өкілдері қатысқан шара барысында келушілермен «Бос жұмыс орындары» аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шағын несие және грант алу, сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта даярлау курстарынан өту туралы мағлұматтар берілді. «KZ Recycling» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі, «Алматинский продукт» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі, «Алматинский кожевенный завод» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,«Калкан-7» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Clever Medical» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Eurasian Green Product» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "RG Brands Kazakhstan"Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «КазЭкоFood» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, сияқты ауданымыздағы ең ірі жұмыс беруші компанияның өкілдері қатысты.