Еңбекшіқазақ ауданындағы бос жұмыс орындар жәрменкесі

Еңбекшіқазақ ауданындағы бос жұмыс орындар жәрменкесі

Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан 2022 жылдың 23 қарашасында жұмыссыз, жұмыс іздеп жүрген азаматтарға бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Аталған жәрмеңкеде аудан бойынша 12-ден астам мекемелер қатысты, олар: ЖК «Камшат» , ЖК «Тюрин», ЖШС «GazTradeService», ЖШС «Алпамыс балабақшасы»,  ШҚ «Кудрет», А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп, ЖК «Мамедов», ЖШС «Рауан» балабақшасы, ЖШС «Айгерім-1»  балабақшасы, ЖК «Маметбакиев», АҚ «Фудмастер», ШҚ «Асылбек». Жұмыс берушілерден 221 бос жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңкеге жұмыссыз 60 азамат қатысып,  жұмыссыз азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осыған байланысты, 8 азамат тұрақты жұмысқа орналасуға жолдама алып, 16  азаматқа ақылы қоғамдық жұмысқа жолдама берілді. Ұлттық жоба шеңберінде жүргізіліп жатқан жобаларға 13 жұмыссыз азамат уақытша жұмысқа жіберілді.