
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі
2022 жылдың 23қарашада «Балқаш ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен жұмыссыз азаматтарды,жұмыссыз алимент берешегі бар борышкерлерді, пробация қызметінде есепте тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарды, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Аталған жәрмеңкеге жеке сот орындаушылар, аудандық прокуратурасы, пробация қызметі және Балқаш ауданындағы жұмыс берушілері мен жұмыссыз азаматтар қатысты.
Жәрмеңкегебарлығы 7жеке кәсәпкерлер мен мекемелер қатысып «МДШО бар Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектеп» мкм, ИП «Нұрлыбекова»,«Алматы облысы балқаш ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Жастар ресурстық орталығы, Балқаш аудандық орталық аурухана,«Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Балқаш филиалы, Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі)15-тен аса жұмыс орындары ұсынылды.
Жәрмеңке барысында алғашқы сөз кезегі Балқаш ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының директоры Бейсенбек С.А берілді. Өз сөзінде жұмыссыз аудантұрғындарына мемлекеттік бағдарлама бағыттары (оқу курстары, жастар тәжірибесі, мемлекеттік гранттар, қоғамдық және әлеуметтік жұмыс орындары) жайлы айтып өтті.
Жәрмеңкеге жұмыссыз азаматтар қатарынан 30-дан астам адам, сонымен қатар пробация қызметі есебінде-5,алимент бойынша борышкерлер қатарынан-4, 29 жасқа дейінгі жастар қатарынан -16 адам қатысты.
Жәрмеңке барысында орта мектептерге -2адам, спортмектебі -2 адам, ИП «Десерт»- 1,қоғамдық жұмыстарға – 5 адамға,Балқаш ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне -2 адам ,пробация қызметі-1 адам,қысқа мерзімді курсына 2адамға жолдама берілді.